Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 15.12.2017ж. күні Маңғыстау аудандық орталық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары О.Ж.Муканова мекеме қызметкерлерін мереке күнімен құттықтап, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Т.А.Бапиевтің "Алғыс хатымен" төмендегі қызметкерлерді марапаттады:
1)Куркембаева Аксынай Долдаевна,
2)Акжанов Женис Изтурганович,
3)Тулемисова Саулет Есмуханбетовна,
4)Кесикбаева Кымбат Батербаевна
Сонымен қатар 14.12.2017ж. күні Аудан әкімі Ж.Қ.Айтуаровтың "Құрмет грамотасымен" дәрігер анестезиолог-реанимотолог Ж.Р.Әбеуов және жедел-жәрдем жүргізушісі Қ.Махмутов марапатталды.
Маңғыстау аудандық орталық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары О.Ж.Муканова сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.