10 қараша–10 желтоқсан аралығында өтіп жатқан Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы айлығына орай аудандық ауруханың қызметкерлері арасында 21 қараша кәсіптік және тұрмыстық жұқтырудың алдын алу, пост байланысты профилактика, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу, АИТВ-жұқтырылған пациенттерге құпиялы және білікті түрде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру, АИТВ-сы бар әйелдерге және басқаларға сапалы және уақытылы көмек көрсетуге бөгеу ретіндегі дискриминация және стигма мәселесін болдырмау тақырыптары аясында семинар өткізілді. Семинар соңында, жарақат алу жағдайы кезіндегі медицна қызметкерлерінің іс-әрекет модульдері нақтылы көріністермен көрсетілді.