2017 жылдың 10 қараша - 10 желтоқсан аралығында "Денсаулыққа құқық" деген ұранмен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанының өтуіне байланысты 14.11.2017 жылы А.Меңдалыұлы атындағы орта мектебінің акт залында, 9-10 сынып оқушылары арасында АИТВ - жұқпасы дегеніміз не? АИТВ - жұқпасының алдын алу жолдары қандай? деген тақырыптар аясында семинар өткізілді. Аудандық аурухананың эпидемиологы Муханбеткаримова Н.С. қатысушыларға АИТВ - жұқпайды және АИТВ/ЖИТС - тен сақтану шаралары жөнінде толық мәліметтермен таныстырды.