23 қаңтар күні аудандық орталық ауруханада Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауын медицина саласы қызметкерлері арасында талқылау және түсіндіру үшін алқалы жиын өтті. Жиынды аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық орталық аурухана әкімшілігі ұйымдастырды. Жиынға аудандық мәслихат депутаты А.Жұмалиев, аудандық жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев және аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ж.Сайынқызы қатысты. Жиында Жолдаудағы 10 міндеттер жан жақты талқыланып кеңінен түсіндірілді. Орталық басшысы А.Қонарбаев жастар денсаулығы мен өміріне қатысты ойларын ортаға салса, Жанар Сайынқызы Президент Жолдауындағы "Дені сау ұлт - ұрпақ болашағы" бағыты бойынша баяндамасын оқыды. Жиында сондай ақ жас кәсіпкер Жұмалиев Абат ауданның бүгінгі экономикалық әлеуметтік дамуы жайында пікірін айтып, денсаулық сақшыларының ұсыныстарын тыңдады.