Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес Күніне айлық қарсаңында Маңғыстау аудандық ауруханасында 2017 жылғы 22 қарашада «Денсаулыққа құқық» деген ұранмен ашық есік күні өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – бұл инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулар қаупінің мінез-құлықтық факторларының алдын алу мәселелері жөнінде халықты кеңінен хабардар ету. Қаралушылар аурухана қызметкерлерінен АИТВ-инфекциясы және эпидемиологиялық жағдай және АИТВ-күйіне тесті алу мүмкіндігі туралы толық ақпараттар, кеңестер алды. Шара барысында АИТВ-инфекциясына экспресс-тесті, артериялық қысымды және массаны өлшеу аспаптары, сондай-ақ ақпараттық-ағарту материалдары пайдаланылды. Аурухана мамандарына сұрақтармен 32 адам жүгінді. Олар АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтті және ақпараттық-білім беру материалдарын (АБМ) алды.