Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанының өтуіне байланысты "Ертөстік" және "Наз" балабақша қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. АИТВ жұқпасының алдын алу, берілу жолдары жөнінде аудандық орталық аурухананың эпидемиологы Н.Муханбеткаримова толықтай түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Қатысушыларға ақпараттық бетшелер таратылды.