Маңғыстау ауданының аумағында Маңғыстау аудандық орталықауруханасына қарасты жаңа Қосбұлақ дәрігерлік амбулаториясықұрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Заманауи талаптарғасай салынған медициналық нысанның кілті ресми түрдеамбулатория дәрігеріне табысталды.
Ашылу салтанатына Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтаудепартаменті басшысының орынбасары Бибізада Әшімқызы, Маңғыстау ауданының әкімі Г. М. Ниязов, «AMANAT» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Б. О. Боранбаев қатысты. Қонақтар жаңа амбулатория ұжымынқуанышты сәтпен құттықтап, игі тілектерін білдірді.
Салтанатты рәсім барысында амбулаторияның кілті Маңғыстауаудандық мәслихатының төрағасы Е. Х. Махмутовтың қолынандәрігер Ботагөз Есенжанқызы Төлембаеваға табысталды.
Жаңа амбулаторияда келесі медициналық кабинеттер мен бөлімдер заманауи талаптарға сай жабдықталған:
• Жалпы тәжірибелі дәрігер кабинеті
• Физиотерапиялық емдеу кабинеті
• Акушер-гинеколог кабинеті
• Күндізгі емдеу бөлімі
• Ем-шара кабинеті
• Химизатор кабинеттері
Медициналық мекеме толықтай жаңа жоғары технологиялықмедициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Физиотерапиялық реабилитацияға арналған құрылғылар, күндізгі емдеу бөліміне арналған заманауи аппараттартұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндікбереді.
Бұл амбулаторияның ашылуы Қосбұлақ ауылы тұрғындарыныңалғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділігінарттырып, өңір халқының денсаулығын жақсартуға елеулі үлесқосады.













Бұл қор вирусқа тексерілген ( Соңғы тексерілген күн : )