Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының «МАҢҒЫСТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК
Мекен жайы: Маңғыстау обл., Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы, Жаңа Орпа-1.  
Телефон: +7 (72931) 21119, 50642

E-mail: mangistau_crb@mail.ru



15.11.2017
2135
13:10
АИТВ/ЖИТС және Жастар

Дені саудың жаны сау демекші денсаулығы аздың рухы алсіз болатыны даусыз. Рухы әлсіз адам өз тәнін аурудан қорғау жолында әлсіз болары белгілі. 

Деніміз сау болмаса шалқыған байлықтан, қалтадағы ақшадан не пайда?! Денсаулық Алла Тағаланынң адамға берген аманаты, оған адам қиянат жасамай дұрыс бағалай білу қажет. «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» деп халық дана халқымыз бекер айтпағыны белгілі. Қазіргі таңда сол аурулардың саны қаншалықты көбейген сайын қарсы қолданар дәрі мен дәрмектің де көптеп жасалып жатқаны да белгілі. Сол дәрі-дәрмектердің санатында аты жаман аурулардың алдын алатындары да бар. Оның бірі – білгір мамандардың (дәргерлердің) пайдалы кеңестері.

Аумалы-төкпелі жастардың өмірінде жұқпалы аурулардың таралу қабілеттілігі басым. Оған себеп те жоқ емес. Тіпті көп. Маман ретінде солардың ең басты, жиі орын алатын жолдарына тоқталып, бетін қайтару мақсатында өз кеңестерімізді ұсынып отырмыз. Адамзат баласының болашығы – жастардың өмірі күллі елім деген саналлы азаматтардың уайымы болуы керек. Біз сақтандырып отырған тілсіз жаулардың санатында АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) мен ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) аса қауіпті. Жастардың ұрынатын жері –осы. 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 2017 жылдың 1 қазанына дейін 31767 жағдай тіркелген. Сұмдық болғанда бұл тек тіркелгені ғана. Санатта не санда жоқ деріттіллер қанша екені бір Аллаға аян. Соның ішінде өңіріміз Маңғыстауға обылысына тиесілісі 254 жағдай. Мұның өзі мақтанарлық сан емес. Уақыт өткен сайын санының артып келе жатқандығын аңғартады. Негізінен ауруды жұқтырғандардың жас мөлшері 20-29 жастағы адамдар жалпы санға шаққанда 40,6 пайыз, 30-39 жас аралығындағылар 38,2 пайызын құрап отыр. Негізінен жастардың көбі АИТВ жұқпасы тек есірткі тұтынуыларға, жыныстық қатынаспен әуестенгендерге (заңсыз) және масқара болғанда көгілдірлерге (гомосексуалистерге) ғана жұғады деп есептейтін пікір басым. Бұл қате пікір. АИТВ-ның берілу жолының үш түрі бар:

- Жыныстық жол – гетеросексуальды және гомосексуалды қатынастар кезінде.
- Парентаралды – қанмен және оның құрауыштарымен шырышты қабықтың, терінің тұтастығы бұзылған жағдайда.
- Перинатальды – анадан бала – жүктілік кезінде, босану кезінде және анадан балаға емізу кезінде. Жұқпалы дерітті зеріттеген мамандардың оның алдын алу жолдары мен жақтану әдістерін ұсынары заңды. Өкініштісі сол маңызды кеңестер мен тиімді сақтану жолдарын білмейтіндігінде. Мамандардың сол кеңесіне сүйенсек өз ортаңызда АИТВ- жұқтырған адам бар болса, АИТВ жұқтыруға мыналар кезінде болмайтындығын есте ұстау қажет деп көрсетеді:
- жөтелген және түшкірген;
- амандасқан;
- құшақтасқан және сүйіскен;
- ортақ тамақты не сусынды ішкен;
- бассейндерде, моншада, саунада;
- қансорғыш жәндіктер мен жануарлардың шағып алуы арқылы, себебі АИТВ – бұл адамның ғана вирусы;
- сілекейде және басқа да биологиялық сұйықтарда, жұқтыруға әкелуге қабілетсіз өте аз мөлшердегі вирус болады. Егер биологиялық сұйықтарда (сілекей, тер, көз жасы, кіші дәрект, үлкен дәрет) қан болса, жұқтыру тәуекелдігі орын алады деп мәселенің басын ашып көрсеткен. 

Ал, алдын алу жолдарын жалпы халыққа, оның ішінде жастардың назарына қатаң талаппен ескерте отырып айтырымыз да ғылымға негізделген мамандардың кеңесі деп білгендеріңіз жөн. 

Өкінішке қарай елімізде АИТВ-ға қарсы тиімді вакцина әзірленбегені бір өкініш десек, сенім болашақ жас мамандарда. Әзірге АИТВ жұқтырудың алдын алу бар болғаны алдын алудың жалпы шарасымен ғана шектелуде:
1. Қауіпсіз секс. Презервативті пайдалану жұқтыруды болдырмауға көмектеседі, алайда презервативті дұрыс пайдаланғанның өзінде, ол ешқашан 100% қорғай алмайды.
2. Адалдығын сақтайтын бір ғана жыныстық серіктесің болуы керек. Егер жыныстық серіктесің жұқтыру тәуекелінің болмауына сенімді болғысы келсе, олардың екеуі де АИТВ –ға тексерілуге тиіс.
3. Есірткі тұтынудан бас тарту. Егер осыған құштарлығын қоя алмаса, тек қана жаңа бір жолғы инені пайдалануы керек және ортақ ине мен шприцтерді ешқашан пайдаланбауы керек.
4. АИТВ –жұқтырған ана емшекпен емізуді болдырмауы керек.

Бұның барлығы ел ертеңі жастардың назарына. Жастардың өмірінің мәнді де мағыналы болуы үшін, салауатты өмір салтын ұстағандықтары жөн. Өз мемлекетіңді АИТВ және есірткіден, нашақорлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! «Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі, Бөріге қой алдырмас ердің ері!» – деп бірауыз сөзбен қайыра салған қайсар қазақ екенімізді ұмытпасақ болғаны. 

Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы, жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтауы, спортпен айналысуы, зиянды нәрселерден аулақ болу.

Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.

Жастар біздің болашағымыз! Жастар арттарыңнан ерген қаракөз іні - қарындастарына үлгі өнеге көрсетіп, болашаққа тура жолды көрсету адами борыштарыңыз!

Жас достар! Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық! Қолда барда алтынынң қадірін біл дегендей алтын денсаулығымызды қорғай білейік!

Республика көлемінде АИТВ жұқпасына тексерілу тегін жүргізіледі. Аудандық аурухананың 1 қабатында орналасұан психо әлеуметтік кеңес беру кабинетінен анонимді түрде кеңес алып, АИТВ жұқпасына тегін тексерілуіңізге болады.


Психо-әлеуметтік кеңес беру
кабинетінің эпидемиологы Муханбеткаримова Н.С

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте