Сәлеметсіздер ме
құрметті әріптестер және Маңғыстау ауданының тұрғындары.
Қазіргі таңда МӘМС негізінде компьютерлік томография (КТ) және магнитті резонансты томография (МРТ) 2020 жылдан бастап тегін және қолжетімді болды.
Маңғыстау ауданының тұрғындары, диспансерлік есептегі науқастар және медициналық скринингтік тексеруден өтетін азамат пен азаматшалар сіздерді жалпы отбасылық дәрігерлеріңізге келуге шақырамын. Барлық жолдамалар мен тағайындауларды емханадағы отбасылық дәрігеріңіз береді және шешеді. Дәрігер сізді МӘМС шеңберіндегі медициналық қызмет көрсетушілердің тізіміне кіретін кез-келген клиникаға жібере алады.
Маңғыстау ауданының тұрғындары қазіргі таңда онкологиялық аурулардың өршуіне байланысты, аурудың алдын алу мақсатында өз денсаулығыңызға бей-жай қарамай біздің емханаға келуіңізді сұраймын.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!