Басшы блогы
Қадірлі жерлестер, менің Интернет-блогыма қош келдініздер! Сіздермен Интернет-қабылдау жүйесі арқылы хабарласып отырғаныма қуаныштымын. Техникалық даму негізінде қалыптасып отырған ақпараттар ағыны екі жақты байланыс үрдісінің көкжиегін кеңейтіп, ортақ істің оңтайлы шешілуіне негіз қалайтыны анық.
Қазыналы Маңғыстау облысымыздың одан әрі дамытып, көркейте түсуі бағытындағы өздеріңізді толғандырып жүрген ұсыныс-пікірлеріңіз бен орын алып отырған олқылықтар жайындағы сыни пікірлеріңізді менің сайтыма жолдауларыңызға болады. Сайтта жарияланған материалдардың ешқайсысы да менің назарымнан тыс қалмайды, олар жан-жақты талқыланып, тиісті жауап беріледі.
Өздеріңізге деген құрметпен, Казыбаев Бериккали Дуйсембаевич